Ауданымызда 14 жалпы орта білім беретін, 6 бастауыш мектепте 4080 оқушы білім алуда, мектепке дейінгі ұйымдарда 1045 бала тәрбиеленіп жатса, қосымша білім беретін ұйымдарда 1360 оқушы білім алуда.
Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100 пайызды құрап отырса, 5-6 жастағы балалар мектеп алды даярлықпен толықтай қамтылып отыр.
Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескере отырып, аудан бойынша 7 балабақша, 14 жалпы білім беретін мектептердің барлығына бейнебақылау жүйесі орнатылған.
Өткен жылы Қызылоба ауылында жеке кәсіпкер Исмагулова Сәндігүл 75 орындық жеке балабақшаны пайдалануға беріп, 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында аудандық қосымша білім беру орталығы ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы басталатын болады.
Сонымен қатар аудан орталығында 50 орындық жеке балабақша құрылысын аяқтап іске қосу жоспарлануда.