Жаңақала ауданы аумағында облыстық және аудандық маңызы бар 342,1 шақырым автомобиль жолдары орналасқан, соның ішінде облыстық маңызы бар жолдар - 172 шақырым (асфальт жабынды - 81 шақырым, қиыршық тасты және топырақты – 91 шақырым), аудандық маңызы бар жолдар – 170,1 шақырым (асфальт жабынды - 3 шақырым, қиыршық тасты – 46,8 шақырым, топырақты жолдар – 120,3 шақырым).
Облыстық маңызы бар жолдардың асфальт жабынымен қамтылғаны - 47%. Аудандық маңызы бар жолдардың асфальт жабынымен қамтылғаны - 1,7%. Аудан орталығында 77 көше бар, қазіргі таңда тек 16 көшесі асфальтталған немесе 20,7%.
2021 жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасымен аудан орталығының 7 көшесіне 6,2 шақырым асфальт жол мен 6,0 шақырым тротуар құрылысы салынды.
Сонымен қатар, Чапаев-Жаңақала-Сайхын облыстық маңызы бар автомобиль жолының 130-191 шақырым (61 шақырым) жол учаскесін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны – 15,0 млрд.теңге.
Күні бүгінге аудан бойынша 9 ауылдық округтерге кірме жолдардың барлығы да күрделі немесе орташа жөндеуді қажет етеді.
Аталған мәселені шешу мақсатында аудандық бюджет есебінен бес ауылдың кірме жолдарын жөндеуге жобалау-сметалық құжаттары жасақталды (Көпжасар-14 шақырым, құны – 938 млн.теңге, Пятимар-10 шақырым, құны -655 млн.теңге, Қырқопа-5 шақырым, құны – 331 млн.теңге, Жаңақала – 2 шақырым, құны - 91,0 млн.теңге, Қызылоба -1 шақырым, құны – 57,0 млн. теңге). Қазіргі уақытта Көпжасар және Пятимар ауылдарына кірме жолдарын салуға республикалық бюджеттен 1 115,0 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінуде. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы басталатын болады.
Ағымдағы жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында Жаңақала ауданы орталығындағы 5 көшеге (Қисыққамыс, Мирманов, Бірлік, Бейбітшілік, 1-Мамыр) 2,2 шақырым жол мен 2,6 шақырым тротуар салу жұмыстары басталды. Жоба құны - 307,8 млн.теңге.
Сонымен қатар 2022 жылға Желтоқсан, Сырым Датұлы, Маметова, Меңдіханов, Айтқұлов, Тайманов көшелеріне жол мен тротуар салу үшін жобалау құжаттамаларын жасақтау жұмыстары басталатын болады.
Қалған ауылдық округтерге кірме жолдарды жөндеу мен ауылішілік жолдарды салу қаражат бөлінуіне қарай іске асыру көзделуде.