Қазіргі таңда аудан бойынша көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 95%-ды құрап отыр. Аудан бойынша 22 елді мекеннің 16-сы табиғи газбен қамтылған.
2021 жылы Салтанат, Саралжын, Борық, Плантация елді мекендеріне дейінгі газ құбырын тарту жұмыстары басталды. Аталған ауылдық елді мекендердегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға газ жеткізу кезек күттірмейтін мәселе. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, қаржыландыру күтілуде. Жоба құны - 170,1 млн.теңге.
Ағымдағы жылы Бірлік ауылдық округіне қарасты Үшкемпір елді мекенін газбен жабдықтауға жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда.