Ауданда экономиканың басқа да салаларымен қатар шағын кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда аудан бойынша 1555 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, соның ішінде 547 мал шаруашылығымен, 693 сауда-саттықпен, 315 қызмет көрсетумен айналысуда және аудан халқының белгілі бөлігіне жұмыс тауып беріп отыр.
Өткен жылы аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 3,9 млрд.теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңі деңгейімен салыстырғанда (2020 жылы – 2,5 млрд тг.) 51,6%-ға өсіп отыр. Оның ішінде жеке инвестициялар - 1,5 млрд. теңге.
2021 жылы аудан бойынша кәсіпкерлік субьектілеріне «Еңбек» бағдарламасы арқылы 292,8 млн.теңге несие берілсе, 82 адам жалпы сомасы 47,8 млн. теңгеге қайтарымсыз гранттар алды.
Есепті кезеңде жеке инвестициялар есебінен жаңа 7 кәсіпкерлік нысан пайдалануға беріліп, халыққа қызмет көрсетуде. Ағымдағы жылы 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Жаңақала ауданы бойынша 2017-2020 жылдары аралығында "Ақбұлақ" бағдарламасы аясында 10 ауыл (Жоба құны - 4404,0 млн.теңге) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Нәтижесінде аудан тұрғындарын орталықтандырылған таза ауыз сумен қамту деңгейі 54%-дан 91%-ға өсіп отыр.
Күні бүгінге аудан бойынша 22 елді мекеннің 12 елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Қазіргі уақытта, 7 елді мекенді Жаңақала топтық су құбырына қосу мақсатында жобалау сметалық құжаттама жасақталуда.