Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы

Күні бүгінге аудан бойынша 547 шаруа қожалығы жұмыс жасауда. Соңғы жылдарда мал басы тұрақты өсіп, мал шаруашылығы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағытына айналды.

Қазіргі таңда ауданда 75 658 бас ірі қара, 155 738  бас қой мен ешкі, 31 812  бас жылқы және 594 бас түйе малы өсірілуде.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 12 920,0 млн. теңгені құрап, тартылған инвестиция көлемі 925,6 млн.теңге болды.

Көрсетілген мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде шаруа қожалықтарына 814,5 млн.теңге субсидия төленіп, түрлі несиелік ұйымдар арқылы 1 110,0 млн.теңге жеңілдетілген несие берілді.

Есепті кезеңде жалпы құны 759 млн.теңгеге 200 бас шетелдік және 1144 бас отандық асыл тұқымды аналық малы, 83 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып  алынды.

Дегенмен, ауданда соңғы жылдардағы өзен, көлдердегі су тапшылығы ауыл шаруашылығы саласында өз қиындықтарын туғызып келеді. Атап айтқанда мал азығын дайындау шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындар үшін өткір мәселеге айналды.

Екі жыл қатарынан облыстық, аудандық бюджеттер есебінен облыс аудандарынан жеке тұрғындарға қол жетімді бағамен мал азығы тасымалдау ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылы Айдархан және Төртқұлақ-Қарасу лимандарына 5 мың гектар шамасында су шығарылды, бұл әрине ауданның мал азығына деген қажеттілікті қамтамасыз ете алмайды.

Болашақта көлтабандарға мүмкіндігіне қарай екпе шөптер егумен айналысуды ұйымдастыру қажет. Бұл өз кезегінде шаруашылықтарға сапалы мал азығын дайындауға мүмкіндік беретін болады.

Бұл бағытта Қызылоба ауылдық округінде «Айдар», «Хафиз», «СанжарАгро» шаруашылықтары өз қаражаттары мен несие қаржылары арқылы біржылдық және көпжылдық екпе шөптер егуді қолға алуда.

Жайылымдарды суландыру мақсатында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес сатып алынған арнайы техникалар күшімен 2021 жылы жалпы ұзындығы 30 км болатын Балықты, Теңдік, Борық каналдарын тереңдету және механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен жеке тұрғындардың малдарын сумен қамтамасыз ету мақсатында Борық, Жангелді ауылдарына инженерлік көбіктер қаздырылды.

Аудан аумағында 14 коммуналдық меншіктегі суландыру каналдары орналасқан. Қазіргі таңда аталған каналдардың барлығы тереңдету және тазалауды қажет етеді.

2022 жылы "Қазсушар" РМК облыстық филиалымен бірлесіп Қарақұдық, Сәңкібай магистралды каналдарын тазарту жұмыстарын жүргізуіміз қажет.

Дата публикации
04 июля 2022
Дата обновления
04 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Кандидатрардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ,онлайн- платформалалар тізімі
10 августа 2026
Жаңақала ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауын өткізу уақыты мен дауыс беру орындары туралы ХАБАРЛАМА
31 июля 2026
call орталығы

Социальные медиа

Facebook Акимата Жангалинского района
Instagram Акимата Жангалинского района

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы