Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасындағы Заңының 113-6 бабының 1-тармақшасына сәйкес, 2021 жылғы 11 қазан күні Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы бойынша Жаңақала ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелген Ишанов Абат Тимурұлын өзінің өтініші негізінде тіркеуден алынып тасталғанын хабарлайды. Ол 1982 жылы туған. Жаңақала ауылдық округі әкімнің орынбасары. БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Ұлты қазақ.