1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабы, 5-тармағына сәйкес және 2021 жылғы 17 қазанға тағайындалған Жаңақала, С.Меңдешев ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы қаулысына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды жариялайды.
Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелері:
№ 127 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Жаңақала ауылы, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің «Жаңақала мектеп-гиназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.
Шекарасы: Жаңақала ауылы Құрманғазы, Желтоқсан, Баймырза Карменов, Сырым Датұлы, Халила Нәжімғалиева, Мәншүк Мәметова, Алма Оразбаева, Ұзақбай Рахматуллин, Кенжебек Мендәлиев, Аян Жантурин, Астана, Ізмұхамед Еділбаев, Ахмет Дауылбаев, Хамит Маданов, Мамен, Әбділхамит Нарымбетов, Есен Орақбаев, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Бақтығали Уәлиев, Габдулла Чуланов, Ғұмар Салықов, Оқап Қабиғожин, Қазақстан, Дінмұхамед Қонаев, Қалимолла Халықов, Қадыр Мырза Әли, Мәңгілік ел, Хиуаз Доспанова, Жаңақоңыс, Әбіш Кекілбайұлы, Ахмет Жұбанов көшелерінің екі бетіндегі үйлер. Халықтар Достығы көшесіндегі №49 үйінен бастап, 1-Мамыр көшесіндегі №19 үйінен бастап, Сәлім Айтқұлов көшесіндегі №22 үйінен бастап батыс жаққа қарай көшенің екі бетіндегі барлық үйлер және Болашақ ықшам ауданындағы үйлер.
№ 128 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Жаңақала ауылы, Жаңақала ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің «Жаңақала аудандық жас туристер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Жаңақала ауылы, Махамбет Өтемісов, Бейбітшілік, Сатқали Сапаров, Қали Жантілеуов, Бірлік, Лиза Губашева, Есет Тоқсанов, Мұхтар Мирманов, Қисыққамыс, Колхоз, Көшім көшелерінің екі бетіндегі үйлер, 1- Мамыр көшесіндегі №1,3,5,7,9,11 үйлер, Халықтар Достығы көшесіндегі №1 үйінен бастап №32 үйін қоса, Сәлім Айтқұлов көшесіндегі №2 үйінен бастап №20 үйін қоса көшенің екі бетіндегі үйлер және Орысқопа, Бірқазан, Ақбай, Водозабор қыстаулары.
№ 134 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қырқопа ауылы, «Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Карманов жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Қырқопа ауылы, Ақ Үй, Қызылбас, Ақсай-1, Ақсай-2, Еңбек, Күйген, Жолқұдық, Сарыгөбен, Делгір, Қаразагон, Балғын, Қарабарақ, Байтоқ, Гүрілдеуік, Жетіқұдық, Орысқопа қыстаулары.
№ 135 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Жаңақала ауылы, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Жаңақала колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ғимараты.
Шекарасы: Жаңақала ауылы, Дина Нүрпейісова, Жеңістің 30 жылдығы, Салық Бабажанов, Исатай Тайманов, 8- Наурыз, Жұмағали Сүлекешев, Мәжит Жүнісов, Сейтқали Меңдешев, Ишанғали Меңдіханов, Жұманияз Ілиясов, Тілекқабыл Суханкулов, Атп, Автодор көшелерінің екі бетіндегі үйлер. Сүгірәлі, Құмқұдық қыстаулары.