Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2021 жылдың 28 қыркүйек күні С.Меңдешев ауылдық округі әкіміне үміткер болып, өзін - өзі ұсынумен Ғаббас Дәурен Ғабдолұлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының тұрғыны. Білімі жоғары. 2014 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетін, 2017 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетін бітірген. Қазіргі таңда Жаңақала аудандық тұрғын үй – коммунальдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2021 жылдың 28 қыркүйек күні С.Меңдешев ауылдық округі әкіміне үміткер болып, «Nur Otan» партиясының ұсынумен Ахметов Абзал Ғайноллаұлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының тұрғыны. Білімі жоғары. 1998 жылы «Құрмет белгісі» орденді А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін бітірген. Қазіргі таңда Жаңақала ауылдық округінің әкімі.