Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2021 жылдың 24 қыркүйек күні Жаңақала ауылдық округі әкіміне үміткер болып, өзін - өзі ұсынумен Уразалиев Руслан Қанатұлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының тұрғыны. Білімі жоғары. 2015 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Қазіргі таңда Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сінде көркемдік жетекші.