Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11-бабына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 25 шілде күні Бірлік, Жаңажол, Жаңақазан және Көпжасар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізді.
Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 26 шілдегі шешімдерімен Бірлік, Жаңажол, Жаңақазан және Көпжасар ауылдық округтерінің әкімдері лауазымына келесі кандидаттар тіркелді:
Бірлік ауылдық округі – Жакашев Ерболат Куанышевич, 1989 жылы туған, Бірлік ауылдық округінің әкімі, Жаңақала ауданының Бірлік ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Жаңажол ауылдық округі – Ишанов Айбек Миразатович, 1980 жылы туған, Жаңажол ауылдық округінің әкімі, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ЖСДП) ұсынылды.
Жаңақазан ауылдық округі –Лукпанов Алибек Нариманович, 1988 жылы туған, Жаңақазан ауылдық округінің әкімі, Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Көпжасар ауылдық округі – Бектлеу Нұрбол Серікұлы, 1982 жылы туылған, Көпжасар ауылдық округінің әкімі, Жаңақала ауданының Көпжасар ауылында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.
Комиссия төрағасы А.Каресов
Комиссия хатшысы Д.Бактигереев