1. Жаңақала ауданында 4 ауылдық округ бойынша 12 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілді. Атап айтсақ, (Көпжасар округі бойынша - 4 кандидат, Бірлік, Жаңажол округі бойынша - 3 кандидат, Жаңақазан округі бойынша - 2 кандидат)
Сайлау кезеңінде 4 ауылдық округіне 12 үміткер ұсынылып, 12 үміткер тіркелді.
2. Сайлау округтерінде сайлаушылардың жалпы санының 1 пайыз резервімен сайлау бюллетеньдері дайындалып, сайлау учаскелеріне жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан сайлау учаске ғимараты мөрленіп және полиция бөлімінің қызметіне күзетуге тапсырылды.
3. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген нұсқауы бойынша дауыс беру үшін барлық 11 сайлау учаскесіндегі бөлмелер жабдықталды.
Барлық учаскелерде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар бар.
Учаскелік сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген комиссия құрамы туралы, жоғары тұрған комиссиялардың телефондары, прокуратура және сот органдарының дауыс беруге арналған бөлмелерде тәртіп ережесімен, қажеттілікке байланысты ақпаратты стендттер дайындалды.
Көзі нашар көретін азаматтар үшін аса қажетті жағдайлар жасалып, сайлау кезінде зағиптарға арналған трафареттер (Брайль шрифтарын пайдалану арқылы) 11 сайлау учаскесіне пайдалануға таратылды. Барлық 11 сайлау учаскелерінде лупалар бар, аудироликтер дайындалды.
Дауыс беруге қатысатын мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға учаскелік сайлау комиссиялары мониторинг жүргізіп отырады.
4. Сайлау комиссияның құрамында 64 мүше бар.
5. Акті бойынша тиісті әкімдерге берілген сайлаушылардың тізімінде 4072 азамат енгізілді.
Сайлау учаскелеріне сайлаушылардың тізімдерін бергеннен кейін қосымша қосылған не алынған сайлаушылар жоқ.
6. Аумақтық комиссияда дауыс беру уақытын өзгерту туралы шешім қабылданған жоқ.
7. Сайлау учаскелерінде коронавирустық инфекция COVID-19 таралуының алдын алу бойынша қажетті шаралар көзделген.
Үздіксіз электр энергиясы, байланыс, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, антитеррор туралы сұрақтары бойынша облыс және аудан әкімімен селекторлық кеңесте талқыланды.
8. Сайлау бойынша шағымдар мен өтініштер аудандық аумақтық сайлау комиссиясына түскен жоқ.
Сайлау өткізуге сайлау комиссиялары дайын.
Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Қаресов