Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасындағы Заңының 113-5 бабына сәйкес, 2021 жылғы 9 шілде күні Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы бойынша Бірлік ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелгендер:
- Жакашев Ерболат Куанышевич - 1989 жылы туған. Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Бірлік ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған. Ұлты қазақ.
- Еслямгалиев Ерсайн Койшекенович - 1965 жылы туған. Бірлік ауылдық округінің әкімі. Бірлік ауылының тұрғыны. «Nur Otan» партиясынан ұсынылған. Ұлты қазақ.
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы бойынша Жаңақазан ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелгендер:
- Лукпанов Алибек Нариманович - 1988 жылы туған. Жаңақала аудандық «Jastar» клубының әдіскері. Жаңақазан ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған. Ұлты қазақ.
- Батыргалиев Нуржан Жангелдыевич - 1987 жылы туған. Жаңақала обаға қарсы күрес бөлімшесінің зоологі. Жаңақазан ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған. Ұлты қазақ.
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы бойынша Жаңажол ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелген:
- Уразалиев Асылан Ханатович - 1981 жылы туған. Жаңажол ауылдық округінің әкімі. Жаңажол ауылының тұрғыны. «Nur Otan» партиясынан ұсынылған. Ұлты қазақ.
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы бойынша Көпжасар ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелген:
- Бектлеу Нұрбол Серікұлы - 1982 жылы туған. Көпжасар ауылдық округінің әкімі. Көпжасар ауылының тұрғыны. «Nur Otan» партиясынан ұсынылған. Ұлты қазақ.