2022 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы орталығының солтүстік-батысын орналасқан саябақта Қазақстан Республикасы рәміздеріне 30 жыл толуына орай биіктігі 18 метрлік ту тұғыры орнатылды. 1982 жылы Жаңақала орта мектебін бітірген түлектер тарту етті.
Аталған нысан – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, ел тұрғындарының отансүйгіштік сезімін арттыру және патриоттық рухты дәріптеу мақсатында салынды. Ту тұғырына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орнатылған.