Құрметті Жаңақазан, Жаңажол, Мәстексай ауылдық округ тұрғындары!
Саратовмелиоводхоз басқармасының мәліметі бойынша өңірдегі Қара және Сары өзендердегі су көлемі артуда. Батыс Қазақстан облысына ең жақын Ресейдің Приузен су қоймасынан Қараөзенге секундына 372 текшеметр су құйылуда. Сондай-ақ, Варфоломеев су қоймасынан Сарыөзенге секундына 100 текшеметр су келуде.
Осыған байланысты, Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тапсырмасы бойынша жедел қауіпсіздік шаралары қабылдануда.
Қалыптасқан жағдайға байланысты қажет болған жағдайда су басу қауіпі бар Жаңақазан, Жаңажол және Мәстексай ауылдық округтерінен кетуге дайын болуларыңызды сұраймын.
Сол себептен, бірінші кезекте қажетті құжаттарыңызды өздеріңізбен бірге алуларыңыз қажет. Облыс әкімінің тапсырмасы аясында ауыл әкімдері жағдайды үнемі бақылауда ұстап, халықпен байланысын үзбеулері тиіс. Біз үшін ең бастысы су тасқынынан тұрғындарды аман алып шығу.
Жаңақала ауданының әкімі А.Көшкінбаев.