Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес Жаңақала ауданы әкімдігі 2023 жылғы 18 қаңтар күні сағат 11:00-де ҚР, БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Х.Достығы көшесі 44-үй мекенжайы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.
Конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесі
|
№ |
Орналасқан жері |
Жер көлемі, гектар |
Жалға беру мерзімі, жыл |
Алқаптардың құрамы |
Сумен қамтамасыз етілуі |
Бонитет балы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1. |
Пятимар ауылдық округі |
400 |
10 |
398 га жайылым, 2 га басқалай жерлер |
+ |
9 |
|
2. |
Пятимар ауылдық округі |
400 |
10 |
398 га жайылым, 2 га басқалай жерлер |
+ |
9 |
|
3. |
Қызылоба ауылдық округі |
467 |
10 |
465 га жайылым, 2 га басқалай жерлер |
- |
9 |
|
4. |
Қызылоба ауылдық округі |
500 |
10 |
498 га жайылым, 2 га басқалай жерлер |
- |
9 |
|
5. |
Қызылоба ауылдық округі |
500 |
10 |
498 га жайылым, 2 га басқалай жерлер |
- |
9 |
|
6. |
Көпжасар ауылдық округі |
500 |
10 |
498 га жайылым, 2 га басқалай жерлер |
- |
6 |
|
7. |
Көпжасар ауылдық округі |
500 |
10 |
498 га жайылым, 2 га басқалай жерлер |
- |
6 |
|
8. |
Көпжасар ауылдық округі |
600 |
10 |
598 га жайылым, 2 га басқалай жерлер |
- |
6 |
|
9. |
Көпжасар ауылдық округі |
700 |
10 |
698 га жайылым, 2 га басқалай жерлер |
- |
6 |
|
10. |
Көпжасар ауылдық округі |
700 |
10 |
698 га жайылым, 2 га басқалай жерлер |
- |
6 |
|
11. |
Көпжасар ауылдық округі |
1000 |
10 |
997 га жайылым, 3 га басқалай жерлер |
- |
6 |
|
12. |
Көпжасар ауылдық округі |
1100 |
10 |
1095 га жайылым, 5 га басқалай жерлер |
- |
6 |
|
Барлығы: |
7367 |
|
|
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы: мал шаруашылығы.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2022 жылдың 26 желтоқсан айынан бастап 2023 жылдың 17 қаңтар айы аралығында, сағат 09.00 -дан бастап сағат 17.00 аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.
Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығымен бекітілген қағидада көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен аудандық жер қатынастары бөлімінде, Жаңақала ауданы әкімі аппаратының интернет ресурсынан және Батыс Қазақстан облысының геоақпараттық порталының «Сауда-сатыққа шығарылған жерлер – байқаулар» бөлімінде танысуға болады.