Жаңақала ауданы әкімінің хабары

Жаңақала ауданы әкімінің хабары

 

1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабы, 5-тармағына сәйкес және 2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы қаулысына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды жариялайды.

 

Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелері және шекаралары:

 

      № 121 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жаңақазан ауылы, Қ.Мырзағалиев көшесі, 2, Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекаралары: Жаңақазан ауылы, Қадыр, Құрмаш, Шағала, Әли, Нұғыман, Қази, Батау, Қалмақшағыл, Қатия, Қайролла, Айтжан, Әтім, Құспан, Әйіпсай, Жүніс, Молдамұрат, Стан, Үмбет, Теміршаріп, Дөңгелек, Ақсерке, Захар, Жаңаорын, Төлеген, Балдырған, Бұзауой, Үшқұдық, Тленші, Майдан, Терек қыстаулары.

 

     № 122 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жуалыой ауылы, Жуалыой көшесі 10, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Х.Нұрымғалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.

      Шекаралары: Жуалыой ауылы, Сарыбай, Қойқұм, Мұқан, Дәулет, Құти, Байкенже, Қабыл, Ешкі, Әбіл, Тілекқабыл, Асабай, Мырзабай, Қабден, Аманғали қыстаулары.

 

 

«Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» ММ

 

 

Дата публикации
09 апреля 2026