Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 28.09.1995 жылғы №2464 Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 17-бабының 2-тармағына және 2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы қаулысына сәйкес Жаңақала ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жарияланады.
Сайлау өтетін учаскелік сайлау комиссияларының құрамы
№121 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Жаңақазан ауылдық округі, Жаңақазан ауылы, Қ.Мырзағалиев көшесі №2, Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің "Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жаңақазан ауылдық мәдениет үйі ғимараты. Тел: 871141-25-3-56
Комиссия төрағасы – Ғаниева Ақжарқын Әміржанқызы;
Төрағаның орынбасары – Ғаббасов Жаннат Таржыманұлы;
Хатшысы – Шайхиева Айзада Батырғалиқызы;
Комиссия мүшелері: Айтқалиева Мирамгүл Мүсірқызы;
Бақтығұлов Тлекқабыл Сағынғалиұлы;
Рысқалиев Оралбек Альбертұлы;
Шадьярова Эльмира Русланқызы. .
№122 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Жаңақазан ауылдық округі, Жуалыой елді мекені, Мектеп көшесі №10, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Х.Нұрымғалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Тел: 871141-50-0-69
Комиссия төрағасы – Карин Меңдібек Садихұлы;
Төрағаның орынбасары – Ибатов Сансызбай Дюсенбайұлы;
Хатшысы – Әлекешова Жанаргүл Сұлтанқызы;
Комиссия мүшелері: Молдағалиева Меңдіғаным Садыққызы;
Таңатов Дидар Таңатұлы.
Комиссия төрағасы Д.Бактигереев
Комиссия хатшысы А.Каресов