2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты Жаңақазан ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан  облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты Жаңақазан ауылдық  округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

    

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жаңақала ауданының аумақтық сайлау  комиссиясы ШЕШІМ етеді:

  1. 2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 14 сәуір күні сағат 12-00-де Жаңақазан ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің көрермен залында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. 2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітуге ұсынылсын (1-қосымша).
  3. Осы шешім Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  4. Осы шешім Жаңақала ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
  5. Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Е.Еслямовке жүктелсін.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Комиссия төрағасы                                             Д.Бактигереев

Дата публикации
08 апреля 2026