Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 05 сәуірдегі №13 «Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат Төлеби Болатұлы Бегеевті тіркеу туралы» шешімінің күшін жою туралы

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

2026 жылғы 05 сәуірдегі №13 «Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округі әкімі

лауазымына кандидат Төлеби Болатұлы Бегеевті тіркеу туралы» шешімінің күшін жою туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағына, 2026 жылғы 07 сәуірдегі жазған кандидат Т.Бегеевтің өтінішіне және  Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 05 сәуірдегі №13 «Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат Төлеби Болатұлы Бегеевті тіркеу туралы» шешімінің күші жойылсын.
  2. Әкімдікке кандидаттың және кандидаттың сенім білдірілген адамдарының тіркелгені туралы куәліктер қайтарылсын.
  3. Осы шешімнің көшірмесі жоғары тұрған сайлау комиссиясына жолдансын.
  4. Төлеби Болатұлы Бегеев осы шешіммен таныстырылсын.
  5. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

       Жаңақала ауданының аумақтық сайлау

       комиссиясының төрағасы                                                        Д.Бактигереев

Дата публикации
07 апреля 2026