ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАҢАҚАЗАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5 бабына сәйкес 2026 жылғы 05 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Жаңақазан ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды:
Жаңақала ауданы Жаңақазан сайлау округі бойынша барлығы 5 кандидат ұсынылды, 1-уі «AMANAT» партиясынан, 4-уі өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылғы 05 сәуірдегі сағат 18:00 жағдай бойынша 5 кандидат тіркелді (100%).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2026 жылғы 9 сәуірдегі №15 санды аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық – саяси газетінде жарияланатынын хабарлайды.
Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы