Ұсыну қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, 2026 жылғы 31 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 18-00 де, Жаңақазан ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.

Жаңақала ауданы бойынша барлығы 5 кандидат ұсынылды:

  1. Бегеев Тулеби Булатович – 1993 жылы туған, Жаңақала ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, Даринск ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  2. Ғалиев Ербол Ғалиұлы - 1984 жылы туған, Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Жаңақала ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  3. Ганиева Акжаркын Амиржановна - 1991 жылы туған, Жаңазан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жаңақазан ауылында тұрады,  «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала аудандық филиалымен ұсынылды;
  4. Косанов Нуркен Сабыргалиевич- 1986 жылы туған, Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің М.Жүнісов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі директорының орынбасары, Жаңақазан ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  5. Жомартов Жаксылык Жомартович - 1983 жылы туған, жұмыссыз, Жаңақазан ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
01 апреля 2026