Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауын 2026 жылғы 26 сәуірге тағайындау туралы

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

Жаңақала ауылы                              № 2                    2026  жылғы 18 наурыз

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округі әкімінің

сайлауын 2026 жылғы 26  сәуірге тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Жаңақала ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Ауданның аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                         Д.Бактигереев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 марта 2026