Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Жаңақазан сайлау округін құру туралы

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

Жаңақала ауылы                          №1                     2026  жылғы 18 наурыз

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданының  Жаңақазан ауылдық округі әкімін

сайлау жөнінде Жаңақазан сайлау округін құру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының  14-бабының  6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Жаңақазан  ауылдық округі аумағының шекарасында – Жаңақазан  сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  3. Осы қаулы жөніндегі хабарлама аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық - саяси газетінде жариялансын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

  

 

Ауданның аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                     Д.Бактигереев

Дата публикации
18 марта 2026