Аудандық референдум комиссияның отырысы өтті

Аудандық референдум комиссияның отырысы өтті

Жаңақала ауданының аумақтық референдум комиссия мүшелері 2026 жылдың 15 наурызына тағайындалған республикалық референдум бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а Гүлжан Жәрдемғалиқызы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әлихан Темірханұлы, аудандық электр торабының басшысы Сәтжан Сұлтанғалиұлы, «Қазақтелеком» АҚ жетекші инженері Ақайдар Молдашұлы және БАҚ өкілімен кездесті.

АРК төрағасы Жанболат Бақтығалиұлы референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарымен таныстырды. Отырыс УРК-дағы телефон, электр генераторларымен қамтылуы, мүгедектігі бар адамдардың тізімін нақтылау және учаскелерге полиция қызметкерлерін бекіту, комиссия мүшелерін оқыту бойынша пікір алмасып, АРК мүшелеріне нақты тапсырмалар берілді.

 

Дата публикации
18 февраля 2026