Жаңақала аудандық мәслихатының ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ
№____ «____»_______2025 жыл
Жаңақала ауданы
Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 мамырдағы №17-14 «Жаңақала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Жаңақала аудандық мәслихатының «Жаңақала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 14 мамырдағы №17-14 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7373-07 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңақала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидаларында:
6 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |