ЖАҢАҚАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

СООБЩЕНИЕ

ЖАҢАҚАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1, 2- тармақтарына сәйкес 2025 жылдың 7 қыркүйек күні Жаңақала ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес ауданның аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 10 қыркүйектегі №66 шешімімен Жаңақала ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Ишанов Абат Тимурұлы 1982 жылы туған.  Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы. Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.  

 

Жаңақала ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                Ж.Бақтыгереев

Дата публикации
11 сентября 2025