ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫ ЖАҢАҚАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2025 жылдың 7 қыркүйегінде Жаңақала ауданының Жаңақала сайлау округі бойынша Жаңақала ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5738 азамат енгізілді, оның – 1760 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 92, «Барлығына қарсы» - 56.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдулкаримова Маржан Махметқызы - 93 (5,78%)
Ещанов Арман Еркінұлы - 263 (16,36%)
Ишанов Абат Тимурұлы - 1252 (77,86%)
Жаңақала ауылдық округінің әкімі болып Ишанов Абат Тимурұлы сайланды. 1982 жылы туған. Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы. Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы