Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 15 тамыз күні С.Меңдешев ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Ахметов Абзал Гайнуллин, 1971 жылы туған, С.Меңдешев ауылдық округінің әкімі. Жаңақала ауданы, Қырқопа ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жаңақала аудандық филиалы ұсынды;
- Ещанов Меңдібай Қуанышқалиұлы, 1963 жылы туған, «Мастексай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман - есепшісі, Жаңақала ауданы, Мастексай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Тлешева Фарида Ермекқызы, 1971 жылы туған, «Пятимар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Жаңақала ауданы, Пятимар ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы