ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан   Республикасындағы сайлау  туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Жаңақала ауданының  аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 15 тамыз күні Жаңақала ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Абдулкаримова Маржан Махметқызы, 1983 жылы туған, «Жаңақазан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман- есепшісі, Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  2. Ещанов Арман Еркінұлы, 1991 жылы туған, «Азаматтарға арналған үкімет МК» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Жаңақала аудандық бөлімінің маманы. Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  3. Ишанов Абат Тимурұлы, 1982 жылы туған, Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы. Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы      

Дата публикации
15 августа 2025