Жаңақала ауданы әкімінің хабары

1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабы, 5-тармағына сәйкес және 2025 жылғы 7 қыркүйекке тағайындалған Жаңақала және С.Меңдешев ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы қаулысына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды жариялайды.

 

Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелері және шекаралары:

 

№ 134 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Қырқопа ауылы, Д.Нүрпейсова көшесі 1/3, «Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қырқопа ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

Шекаралары: Қырқопа ауылы, Ақ Үй, Қызылбас, Ақсай-1, Ақсай-2, Еңбек, Күйген, Жолқұдық, Сарыгөбен, Делгір, Қаразагон, Балғын, Қарабарақ, Байтоқ, Гүрілдеуік, Жетіқұдық, Орысқопа қыстаулары.

 

«Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» ММ

Дата публикации
06 августа 2025