АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТЫ ҰСЫНУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ ҮШІН ЖИНАҚТАЙТЫН ҚҰЖАТТАРЫ

АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТЫ ҰСЫНУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ ҮШІН ЖИНАҚТАЙТЫН ҚҰЖАТТАРЫ

 

Саяси партиялардан ұсынылатын кандидаттар үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

 

  1. Саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаты;
  2. Саяси партияның тиісті филиалы жоғары басшы органының ауылдық округ әкіміне кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
  3. Саяси партияның уәкілетті органға тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Азаматтың ауылдық округ әкімі болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
  5. Кандидат туралы өмірбаяндық деректері;
  6. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен куәландырылған партиялық билеттің көшірмесі немесе саяси партияға мүшелігін растайтын құжат;
  8. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) (ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;
  9. Саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат (банктен түбіртек, 85000 теңге)
  10. Сауалнама;
  11. Өмірбаян;
  12. Нотариалды куәландырылған білімі туралы құжаттардың және олардың қосымшаларының көшірмелері.

     «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

  1. Еңбек кітапшасының көшірмесі;
  2. 3х4 фото - 2 дана;
  3. Неке қию (бұзу) туралы куәлік көшірмесі;
  4. Жақын туыстарының қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері (егер ондай жақын туыстары болған жағдайда).

 

 

Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылатын кандидаттар үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

 

  1. Азаматтың ауылдық округ әкімі болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге ниеті туралы өтініші;
  2. Кандидат туралы өмірбаяндық деректері;
  3. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) (ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;
  5. Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат (банктен түбіртек, 85000 теңге);
  6. Сауалнама;
  7. Өмірбаян;
  8. Нотариалды куәландырылған білімі туралы құжаттардың және олардың қосымшаларының көшірмелері.

     «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

  1. Еңбек кітапшасының көшірмесі;
  2. 3х4 фото - 2 дана;
  3. Неке қию (бұзу) туралы куәлік көшірмесі;
  4. Әкім болуға кандидатты қолдап қол жинау парағы (тиісті сайлау округінің дауыс беруге құқығы бар сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз даусымен қолдау табуға тиіс);
  5. Жақын туыстарының қайтыс болу туралы куәліктерінің көшірмелері (егер ондай жақын туыстары болған жағдайда).

 

 

 

Дата публикации
31 июля 2025