ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Жаңақала ауылы № 9 2025 жылғы 30 шілде
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданының Жаңақала ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2025 жылғы 7 қыркүйекке тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақала ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 7 қыркүйекке тағайындалсын.
- 2025 жылғы 7 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақала ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Жаңақала ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ауданның аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Д.Бактигереев