ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Жаңақала ауылы                          №7                     2025  жылғы 30 шілде

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданының  Жаңақала ауылдық округі әкімін

сайлау жөнінде Жаңақала сайлау округін құру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының  14-бабының  6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақала ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Жаңақала  ауылдық округі аумағының шекарасында – Жаңақала  сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  3. Осы қаулы жөніндегі хабарлама аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық - саяси газетінде жариялансын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

  

 

Ауданның аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                     Д.Бактигереев

Дата публикации
30 июля 2025