КӨПЖАСАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

        

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2025 жылдың 13 шілде күні Көпжасар ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 15 шілдедегі №41 шешімімен Көпжасар ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Бектлеу Нұрбол Серікұлы 1982 жылы туған,  Көпжасар ауылдық округінің әкімі.  Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылында тұрады. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жаңақала аудандық филиалы ұсынды.

 

 Жаңақала ауданының аумақтық

 сайлау комиссиясының төрағасы                             Ж.Бақтыгереев

 

Дата публикации
15 июля 2025