Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1, 2- тармақтарына сәйкес 2025 жылдың 13 шілде күні Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес ауданның аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 15 шілдедегі №39 шешімімен Бірлік ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Жақашев Ерболат Қуанышұлы 1989 жылы туған, Бірлік ауылдық округінің әкімі. Жаңақала ауданы, Бірлік ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды
Жаңақала ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Бақтыгереев