ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫ КӨПЖАСАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2025 жылдың 13 шілдесінде Жаңақала  ауданының Көпжасар сайлау округі бойынша Көпжасар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Жаңақала  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 925 азамат енгізілді, оның – 665 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 40, «Барлығына қарсы» - 27.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бектлеу Нұрбол Серікұлы  - 499 (83,44%)

Бижанова Алтын Наурызқызы - 53 (8,86%)

Құспанова Анар Меңдіғалиқызы - 46 (7,70%)

Көпжасар ауылдық округінің әкімі болып Бектлеу Нұрбол Серікұлы сайланды, 1982 жылы туған, Көпжасар ауылдық округінің әкімі.  Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылында тұрады,  «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жаңақала аудандық филиалы ұсынды.

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
13 июля 2025