ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫ ЖАҢАЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2025 жылдың 13 шілдесінде Жаңақала  ауданының Жаңажол сайлау округі бойынша Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Жаңақала  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 675 азамат енгізілді, оның – 427 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 10, «Барлығына қарсы» - 7

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жүсіпқалиев Марат Меңдібайұлы  52 (12,68%)

Қайыршақов Әлібек Бейбітұлы - 28 (6,83%)

Мерешов Дәурен Құбайдоллаұлы - 330 (80,49%)

Жаңажол ауылдық округінің әкімі болып Мерешов Дәурен Құбайдоллаұлы сайланды. 1993 жылы туған  Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы.  Жаңақала ауданы  Жаңақала ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 июля 2025