ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫ БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2025 жылдың 13 шілдесінде Жаңақала  ауданының Бірлік сайлау округі бойынша Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Жаңақала  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 791 азамат енгізілді, оның – 652 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Барлығына қарсы» - 9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ғаниева Ақжаркын Әміржанқызы  - 66 (10,33%)

Жақашев Ерболат Қуанышұлы - 516 (80,75%)

Күмісқалиев Бейбіт Серікұлы - 57 (8,92%)

Бірлік ауылдық округінің әкімі болып Жақашев Ерболат Қуанышұлы сайланды. 1989 жылы туған  Бірлік ауылдық округінің әкімі.  Жаңақала ауданы, Бірлік ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 июля 2025