Құрметті сайлаушылар!
Бірлік ауылдық округінің әкімдігіне үміткерлер арасында өтетін пікірсайысқа қатынасуларыңызды сұраймыз.
Пікірсайыс - әр түрлі көзқарастың, ой-пікірлердің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі болып табылады. Сол арқылы сайлаушылардың дұрыс таңдау жасауына мүмкіндіктерін ашады.
Өтетін орны: Бірлік ауылдық мәдениет үйі
1 шілде 2025 жыл сағат: 16-00.
Баршаңызды 13 шілде күні өз учаскелеріңізге келіп елдің игілігі үшін өздеріңіздің қалаған үміткерлеріңізге дауыс беруге шақырамыз.
Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы