ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАҢАЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5 бабына сәйкес 2025 жылғы 22 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Жаңажол ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды:
Жаңақала ауданы Жаңажол сайлау округі бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, 4-уі өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылғы 22 маусымдағы сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (75%), 1 кандидатты тіркеуден бас тартылды (25% ).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2025 жылғы 26 маусымдағы №26 санды аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық – саяси газетінде жарияланатынын хабарлайды.
Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы