ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5 бабына сәйкес 2025 жылғы 22 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Бірлік ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды:

Жаңақала ауданы Бірлік сайлау округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, 3-уі өзін-өзі ұсынғандар.

Ағымдағы жылғы 22 маусымдағы сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (100%).

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2025 жылғы 26 маусымдағы №26 санды аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық – саяси  газетінде  жарияланатынын хабарлайды.

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
22 июня 2025