ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 21 маусым күні Бірлік ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Ғаниева Ақжарқын Әміржанқызы, 1991 жылы туған, «Жаңақазан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылында тұрады өзін-өзі ұсынды;
- Жақашев Ерболат Қуанышұлы, 1989 жылы туған, Бірлік ауылдық округінің әкімі. Жаңақала ауданы, Бірлік ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Күмісқалиев Бейбіт Серікұлы, 1985 жылы туған, «Мастексай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Жаңақала ауданы, Мастексай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы