Жаңақала ауданы әкімінің және Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабары
1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы, 6-тармағына сәйкес және 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы қаулысына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі және Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін берілген орындар туралы хабарды жариялайды.
№ |
Ауылдық округі атауы |
Елді мекен атауы |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны |
|
1 |
Жаңажол |
Жаңажол |
Жаңажол мәдениет үйі ғимаратының оң жағында |
|
Сарыкөл |
«Абай атындағы ЖОББМ» ғимаратының оң жағында |
||
|
Кіші Айдархан |
Кіші Айдархан медициналық пункті ғимаратының оң жағында |
Жаңақала ауданы әкімдігі
Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы