Жаңақала ауданы әкімінің хабары

Жаңақала ауданы әкімінің хабары

 

1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабы, 5-тармағына сәйкес және 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы қаулысына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды жариялайды.

 

Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелері және шекаралары:

 

№ 117 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Жаңажол ауылы, Ғабдеш Шоқаев көшесі 19/1, Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық Жаңажол мәдениет үйі ғимараты.

Шекаралары: Жаңажол ауылы, Бақтығали Кенжеғұлов, Дүйсенбай Суханов, Абай, Айдархан, Ғабдеш Шоқаев,  Мектеп, Сұлтанғали Лұқпанов көшелері және Плантация, Қалша, Тоқсоба, Сәуеңке қыстаулары.

 

№ 118 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Кіші Айдархан ауылы, Кіші Айдархан көшесі 5, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жаңақала аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Кіші Айдархан медициналық пункті ғимараты.

Шекаралары: Кіші Айдархан ауылы, Жаңаорын, Батыр, Терең Құдық, Қарасу, Қушығанақ, Фазыл Орны, Оңғар Орны, Теңдік, Жас Тұлпар қыстаулары.

 

№ 119 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Сарыкөл ауылы, Сарыкөл көшесі 4, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.

Шекаралары: Сарыкөл ауылы, Жорта, Сайхы, Нәрік, Мардан, Постройка, Бекбике, Ақмола қыстаулары.

  

 

«Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» ММ

 

Дата публикации
18 июня 2025