Жаңақала ауданы әкімінің хабары

Жаңақала ауданы әкімінің хабары

 

1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабы, 5-тармағына сәйкес және 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Көпжасар ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы қаулысына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды жариялайды.

 

Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелері және шекаралары:

 

 

№ 120 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Саралжын ауылы, Саралжын көшесі 4/2, «Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық кітапхана ғимараты.

Шекаралары: Саралжын ауылы, Тоңаша, Шоқа, Қырғын, Балапан, Тасқұдық, Қоңырқұдық, Қақпанқызыл, Қартабай, Жолқызыл, Дүзгінтөбе, Жынғылды, Қияқты қыстаулары.

 

№ 125 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Көпжасар ауылы, Б.Бисекенова көшесі 6, «Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Көпжасар ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Шекаралары: Көпжасар ауылы, Жаңақұрылыс, Бақ, Жаңылдық Баймұқанова, Көпжасар, Ғабит Бисенгалиев, Бауыржан Момышұлы, Фазыл Баймағанбетов, Қажымолда Қаздаев, Дина Нүрпейісова, Ишанғали Абуғалиев, Амангелді Иманов, Барша Бисекенова көшелері және Үштас, Қайыр, Қазыбай 1, Қазыбай 2, Қаттықұдық, Өгізқұдық, Түйеқұдық, Досан 1, Досан 2, Қосшыңырау 1, Шарап, Бозайғыр, Аққұдық, Қандыкөл, Қонақай, Базарқұдық, Мамен, Кенжебай, Жиекқұм қыстаулары.

 

№ 126 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Салтанат ауылы, Салтанат көшесі 15/2, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жаңақала аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Салтанат медициналық пункті ғимараты.

Шекаралары: Салтанат ауылы, Кіші Салтанат, Қоңырқұдық, Көзбен, Айпара, Інгенөлген, Саздыбөлек, Ащықызыл қыстаулары.

 

 

«Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» ММ

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 июня 2025