Жаңақала ауданы әкімінің хабары

Жаңақала ауданы әкімінің хабары

 

1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабы, 5-тармағына сәйкес және 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы қаулысына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды жариялайды.

 

Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелері және шекаралары:

 

№ 114 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Бірлік ауылы, Тәуелсіздік көшесі 37, «Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Бірлік ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Шекаралары: Бірлік ауылы, Мұхтар Мирманов, Тәуелсіздік, Дина Нүрпейісова, Қадем Жүсібалиев, Бірлік, Мұстахима Мұсағалиева, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Достық, Астана, Атақоныс көшелері және Жаңаорын қыстауы.

 

№ 115 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақбалшық ауылы, Ақбалшық көшесі 5, «Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ақбалшық ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Шекаралары: Ақбалшық ауылы, Тасоңғар, Шөпоңғар, Өзекбай, Пінайл, Ақтан, Қой Саралжын, Кіші Мортық, Шошақмола, Сиыр Саралжын, Сәңкібай, Дембей, Қоғалы - 1, Сиыркөл - 1, Сиыркөл - 2, Ефим, Қосмырза, Жалтыркөл қыстаулары.

 

№ 116 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Үшкемпір ауылы, Үшкемпір көшесі 24, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жаңақала аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының фельдшерлік пункт ғимараты.

Шекаралары: Үшкемпір ауылы, Қожақ, Иманбай Батық, Сапар Батық, Тулақбай, Сейтқызыл, Жолқызыл, Көңішке, Қаразагон, Қоғалы-2, Самен, Тасқұдық, Жыра-1, Жыра-2, Тұрдығұл, Өтеппай, Еділсор, Қоңырқұдық қыстаулары.

 

 

 

«Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 июня 2025