ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Бірлік, Жаңажол, Көпжасар ауылдық округтерінің әкімінің сайлауы өткізілуіне орай және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 13-ші бабының 4-ші тармағына сәйкес Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
Орналасқан жері: Жаңақала ауылы, М.Маметова көшесі №4 үй, Рухани орталығы ғимаратының 2 - этажында 9 – 10 бөлмелер, жұмыс телефоны - 871141-21-9-06.
Төраға – Бактигереев Джанбулат Бактыгалиевич, төраға орынбасары – Еслямов Есенболат Бекжанович, хатшы – Себекова Зухра Ескалиевна, мүшелері: Габдуллин Сатжан Султангалиевич, Мукашева Дина Данияровна, Серікқалиев Аман Серікқалиұлы, Сисенов Мухит Батырханович.
Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00-18.30 аралығында. Түскі үзіліс:13.00-14.30, демалыссыз.
Д. Б. Бактигереев
Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы