2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Бірлік, Жаңажол және Көпжасар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Жаңақала  ауданының аумақтық

сайлау  комиссиясының

2025 жылғы 4 маусымдағы

№4,5,6  қаулыларымен бекітілген

 

 

2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Бірлік, Жаңажол және Көпжасар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1.                 Бірлік, Жаңажол және Көпжасар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау

                               

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 4 маусым

( 14- бап  8-1) тармақша,

113-1-бап  1, 2-тармақ,)

 

2. Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсетіп, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 14 маусымнан кешіктірмей

(22-бап)

 

3. Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 14 маусымнан кешіктірмей

(13-бап 4-тармақ)

                   

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2025 жылғы 19 маусымнан кешіктірмей

(17-бап 2-тармақ)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде 2025 жылғы 19 маусымнан кешіктірмей

(23-бап 5-тармақ)

 

6. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар-өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе,  тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2025 жылғы 5 маусымда басталады және 2025 жылғы 17 маусымда жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады.

(113-3-бап 5) тармақшасы)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

(4-бап, 113-2-бап)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және тиісті куәлік беру

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-бап 8-1-тармақ, 31-бап)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

(113-4-бап)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың анықтығын тексеруді жүзеге асыру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-бап 8-тармақ)

 

11. Әкімдікке кандидаттар өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

Кандидатты ұсынған саяси партия ұсынылған әрбір кандидат үшін өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарда қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-бап 2-тармақ)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2025 жылғы 1 маусым күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсыру

 

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-бап 3-тармақ)

 

13. Әкімдікке кандидат және оның зайыбының (жұбайының) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анықтығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-бап 3-тармақ)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма күн қалғанда 2025 жылғы 22 маусымда  жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады

( 113-5-бап)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

(113-5-бап 9-тармақ)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы орган және Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-бап 6-тармақ)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Әкімдікке кандидаттар тіркелген мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылғы 22 маусым сағат 18.00-де басталады және 2025 жылғы 12 шілде күні 00.00 сағатта аяқталады

(27-бап 2-тармақ)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайда кандидаттардың және сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы орган және Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-бап 4-тармақ)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылғы 23 маусымға дейін

(24-бап 5-тармақ)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2025 жылғы 28 маусымнан бастап

(26-бап 1-тармақ)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 2 шілдеден кешіктірмей

(18-бап 5) тармақша, 38-бап 2-тармақ)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2025 жылғы 10 шілдеден ерте емес және 12 шілдеден  кешіктірмей

(37-бап 3-тармақ)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат қалғанда дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша 2025 жылғы 13 шілде сағат 06:00-де

(40-бап 1-тармақ)

 

24.Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-бап 1-тармақ)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-бап 8) тармақша, 43-бап)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-бап 8-тармақ)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-бап 1-тармақ)

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күннен кешіктірмей 2025 жылғы 16 шілдеден кешіктірмей

(113-10-бап 1 тармақ)

 

29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей, 2024 жылғы 19 шілдеден кешіктірмей

(44-бап 4-тармақ 3) тармақшасы)

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде. Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін, 2025 жылғы 19 шілдеден кешіктірмей

(45-бап, 46-бап 3-тармақ, 113-11-бап 1) тармақша)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
04 июня 2025