ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Жаңақала ауылы № 5 2025 жылғы 4 маусым
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданының Жаңажол ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1.Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалсын.
2.2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3.Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
4.Осы қаулының көшірмесі Жаңақала ауданының әкіміне жолдансын.
5.Осы қаулы аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
6.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ауданның аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Д.Бактигереев