ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

   Жаңақала ауылы                   № 1                   2025  жылғы 4 маусым

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданының  Бірлік ауылдық округі әкімін

сайлау жөнінде Бірлік сайлау округін құру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының  14-бабының  6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Бірлік ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Бірлік ауылдық округі аумағының шекарасында – Бірлік сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  3. Осы қаулы жөніндегі хабарлама аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық - саяси газетінде жариялансын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

  

 

Ауданның аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                     Д.Бактигереев

 

 

Дата публикации
04 июня 2025